9 сәуірде ел Президенті 2019 жылғы 09 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы жария етіп, халыққа үндеу жолдады. «Шахтинск қаласының №1 гимназиясы» КММ информатика пәнінің мұғалімі С.А. Фалежинский бұл шешімнің уақытында қабылданғанын, еліміз керемет өзгеріс алдында тұрғанын айтады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс айтты: «Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым»... Және де ол солай қалуы тиіс.
Ал біз болсақ бүгінгі таңда бізге өз ой-пікірімізді, өз қалауымызды білдіруге – мемлекетіміздің басшысын таңдауға мүмкіндік бергенін нақты түсінуіміз керек. Қазақстан егемендігінің, көптеген жыл бойы біздің барлығымыз - Елбасы бастаған халқымыз құрған және бүгінде барлығымыз мақтан тұтатын қазақстандық тәуелсіздіктің мәні осында.
Қазір еліміз өзгеріс табалдырығында тұр. Біз қабылдаған шешімге болашағымыз, балаларымыздың болашағы байланысты екенін түсінуіміз керек. Себебі, Қазақстан бейбітшілік пен төзімділікті ұстана алмаған жақын көршілерімізге жақындай отырып, қисық жолмен жүрмеуі керек. Біздің халқымыз – Ұлы даланың балалары, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тәрбиелеп, бойымызға сіңдіріп кеткен даналықты, барлық жақсы қасиеттерді көрсетуіміз қажет.
Соның нәтижесі ретінде… «Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады», – дейді ол.
Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, 9 маусым күні кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеген.