$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысының жастары кезектен тыс президент сайлауын қолдайды

Қарағанды облысының ерікті жастары уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауының өтуіне қатысты өз пікірлерін білдірді. Олар алда өтетін, ел үшін маңызды саналатын сайлауға белсенді қатысатындарын айтып, бұл шешімді қолдайтындарын жеткізді. 

«Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстан әлемге өзін әлеуеті зор және болашағы кемел, экономикасы тұрақты және табысты саяси бағыты бар ел ретінде танытты. Біз әлемнің басқа дамушы елдерімен қатар қадам басып келеміз, үлкен қалалар тұрғызудамыз. Осыған байланысты Қазақстанды дамыту бойынша үлкен жоспарлар жастарға жүктеледі. Жастар –  болашақ қоғамның иелері. Біз қазір мемлекетіміздің жан-жақты дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Еліміздің дамуына өз үлесін қосу, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу – әрқайсымыздың борышымыз», – дейді олар.

Белсенді жастар сондай-ақ бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқары үшін өздерін ерекше бақытты жандар қатарына қосады. Себебі, Қазақстан күн санап қарыштап дамып келе жатыр дейді олар. 

Жас мемлекет үшін бүгінге дейін алған асу, жеткен жетістік орасан зор. Тіпті елбасы жыл сайын «Болашақ» бағдарламасымен мыңдаған адам білім алып, елге қызмет етіп жатыр. 

«Қазақстан жастары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды. Сайлау – әркім өз елі үшін маңызды нәрсе жасай алатын сәт. Әрине, «Менсіз де дауыс беріледі» деп айта салуға болады. Алайда бұл бөгде адамның ұстанымы. Мен жеке өзімнің белсенді ұстанымым бар. Менің ойымша, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың парызы. Тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылы аралығында біздің мемлекетіміз өте көп жетістіктерге жетті. Алдағы жетістіктерге қолтжеткізу әрқайсымызға байланысты. Дауыс бере отырып, біз ұлтымыздың тұтастығын көрсетеміз. Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасауы тиіс!

Ежелгі қыпшақтарда «Өзіңе тәуелді болған, қолыңнан келген нәрселердің бәрін жаса, сонда өкінбейсің!» деген тілек болған»,  – дейді  «Біз Шахтинскіденбіз» еріктілер командасы. 

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, 9 маусым күні кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеген. 

Сондай-ақ ол елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып, шешім қабылдағанын айтқан. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары