$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан президенттігіне үміткерлерге бюджеттен 7,5 млн теңгеден бөлінеді

Қазақстан әрбір президентікке үміткер азаматқа республика бюджетінен 7,5 миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Сабила Мустафина айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біз есептедік, әрбір кандидатқа шамамен 7,5 миллион теңгеден бөлінеді. Қалғандары – олардың қоры», –  дейді Мустафина. 

Оның айтуынша, шығын сметасын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. Бұл сома ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына таратуға, көлік пен ғимаратты жалға беруге жұмсалады. 

Қазақстанда кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, президентікке 10 сәуірден бастап 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін үміткер болуға болады. Сондай-ақ, кезектен тыс сайлауға қатысты шараларды өткізу мерзімін ОСК белгілейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары