$ 473.98  504.03  4.93
Жаңалықтар 11.04.2019 сағат 03:34

Петропавлда 2 баланың жоғалып кеткен анасы өлі табылды

Петропавлда жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысқа күдікті ретінде ер адам ұсталды деп жазады Sputniknews.kz.

Петропавлда 2 баланың жоғалып кеткен анасы өлі табылды

Марина Попова 6 сәуір күні 2 баласын туыстарына тапсырып, кетіп қалған. Алайда ол ертесі қайта оралуы тиіс болған. Туыстары келіншектен хабар ала аламаған соң құқық қорғау органдарына хабарласқан. 

Іздестіру шарасы барысында әйел қаладағы пәтерлердің бірінде өлі табылды. 

Қылмысқа күдікті ретінде 31 жастағы бұрын сотталған ер адам ұсталды. 

Тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелдің не үшін өлтірілгені анықталуда. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар