Жол-көлік оқиғасы 10 сәуір күні Алматы – Нұр-Сұлтан трассасында болған деп жазады Zakon.kz.
Daewoo Gentra пен Mitsubishi Galant автокөліктері соғысқан. Алдын ала болжам бойынша, Daewoo Gentra Алматыға, Mitsubishi Galant елордаға бағыт алған.
Белгісіз себептермен Daewoo Gentra жүргізушісі жолдың қарсы тарапына шығып кеткен. Galant жүргізушісі тежегішті басқанымен, тоқтап үлгере алмаған.
Жол апаты салдарынан Daewoo Gentra автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды.
Mitsubishi автокөлігінде жүргізушінің әйелі мен балалары болған. Барлығы да ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының салдарын полицейлер анықтап жатыр.