$ 494.87  520.65  4.91

Алматының 20 колледжіне «Digital college» жүйесі енгізілмек

Жуырда Алматы қаласындағы 20 колледжге «Digital college» жүйесі енгізілетін болады. Бұл оқу орнындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жояды деп жоспарлануда.

Аталған жоба жақында Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде талқыланды. Онда мамандар автоматтандырылған жүйенің маңызы мен тиімділігін сөз етіп, әлі де бірқатар жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

«Атап айтқанда, оқу процесінде қолданылып жүрген білім есебінің журналы, студенттердің көрсеткіштері туралы ақпарат, сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысуы, жұмыс жоспары сынды маңызды элементтер электронды форматта жүргізілетін болады. Бұл мұғалімдер мен студенттердің жұмысын жеңілдетеді. Ал ата-аналар болса балаларының оқуын онлайн арқылы бақылай алатын мүмкіндікке ие болды», – дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілдері.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенованың айтуынша, күні ертең енгізілгелі отырған жаңашылдық ата-аналар қауымымен кері байланысты жақсартуға жәрдемдеседі. Олар балаларының жетістіктері мен үлгерімін әрдайым көріп отырады.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – құжат айналымын қағазбастылықтан арылтып, оқу процесін толықтай оңтайландыруында болып отыр. Сондай-ақ, кәсіби білім беру жүйесіндегі бизнес-процестерді жақсартып, колледж қатысушыларының шағымдарын азайтуға мүмкіндік береді. Білім алушыларға қойылатын баға да әділ болады. Осы ретте, айта кету керек, студенттердің арасында үлгерімін ата-анасына көрсеткісі келмейтіндер болса оқытушысына айтса болады.

Еске сала кетсек, еліміздегі білім саласын цифрландыру жұмыстары «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр. Айтулы бағдарлама 2017 жылдың 12-ші желтоқсанында қабылданған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары