$ 494.87  520.65  4.91

Алматы метросында тегін Wi-Fi іске қосылды

Енді алматылықтар метрода тегін Wi-Fi қызметін пайдалана алады. Қала әкімінің нұсқауымен Алматы метрополитенінің «Жібек Жолы» станциясында тегін Wi-Fi пайда болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Заман талабына сай қазіргі таңда халықтың заманауи өмір сүру үрдісі де өзгерді. Сол себепті тұрғындар кез-келген жерде жоғары жылдамдықты мобильді интернетті қажет ететіні жасырын емес. Осыған орай қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орындарын интернетпен жабдықтап, қолжетімділігін арттыру шараларын қолға алды.

- Алматы метросының тарихында алғаш рет Алматы әкімінің нұсқауы бойынша «Жібек жолы» станциясында уәде етілгендей қала қонақтары мен тұрғындар үшін тегін Wi-Fi іске қосылды, - деп жазды Ерлан Аукенов.

Қала әкімі орынбасарының айтуы бойынша, алдағы жарты жылдықта метрополитеннің қалған 8 станциясында да осы жоба іске асатын болады. Сонымен қатар ол Facebook әлеуметтік желісіндегі компанияның жеке «қоғамдық көлік» парақшасының қолданушылары мен достарына осындай идеялары үшін алғысын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл еліміздегі қоғамдық орындарды интернетпен жабдықтау аясында жүзеге асып отырған алғашқы шара емес.Үстіміздегі жылы елорда күні қарсаңында қоғамдық көлікті интернетпен жабдықтау бойынша «Wi-Fi Bus Astana» ресми таныстырылымы өткен болатын. Бұл жоба еліміздің тұңғыш елбасының бас қаламызды әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына енгізу тапсырмасы арқылы жүзеге асқан еді. Ал «Wi-Fi Bus» жобасы біздің елімізде 2013 жылы қолға алынды. Содан бері еліміздің 8 қаласында (Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал және Алматы) 200 жуық автобус Wi-Fi желісімен қамтылды. Алдағы уақытта осы жоба аясында еліміздің басқа мегаполис қалаларының қоғамдық орындары да интернетпен жабдықталуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары