2021 жылы Қазақстандағы 13 автожол ақылы болмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы мақсатта жұмыс істеп жатқан мамандар биылғы жылы «Ақы төлеу жүйесі» құрылғысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді аяқтайды. Осылайша, Ресей – Ақтөбе – Қызылорда (1 125 шақырым), Тараз – Қайнар (237 шақырым), Қызылорда – Шымкент – Тараз (649 шақырым) жолдарының аумағына кіруді ақылы ету жоспарланып отыр. Аумақтардың жалпы көлемі 5,5 шақырымды құрайды.
Жобалар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмі бойынша жүзеге асырылмақ. Биылғы жылы конкурстық шаралар жүргізіліп, жыл соңында келісімшартқа қол қойылады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2020 жылы бастап, 2021 жылы ақы төлеу жүйесін іске қосу жоспарлануда.
Ақылы болатын жолдардың тізімі:
1. Қапшағай – Талдықорған – 184 шақырым;
2. Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк жағы) – 741 шақырым;
3. Шортанды – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы (Қорған жағы) – 301 шақырым;
4. Павлодар – Ресей шекарасы (Омск жағы) – 217 шақырым;
5. Орал – Ресей шекарасы (Саратов жағы) – 100 шақырым;
6. Нұр-Сұлтан – Павлодар – 409 шақырым;
7. Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Самара жағы) – 518 шақырым;
8. Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы – 502 шақырым;
9. Ақтау – Бейнеу – 470 шақырым;
10. Ресей шекарасы (Орынбор жағы) – Ақтөбе – Қызылорда – 1 125 шақырым;
11. Қызылорда – Шымкент – Тараз – 649 шақырым;
12. Тараз – Қайнар, Благовещенка аулы – 237 шақырым;
13. Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 101 шақырым.