$ 447.4  477.55  4.76

Төсек қатынасына ұзақ уақыт түспеген еркек «еркектігінен адасып» қалуы мүмкін

Жыныстық қатынастан бас тартпауды, тұрақты серіктің болуын (ең дұрысы, некелі болуы) және жүйелі түрде «көрпе бүлкілдетіп» тұруды тән жақындығын зерттеп білген мамандардың бәрі айтады, жиі ескертеді. Бекер айтпайтын шығар, десек те жыныстық қатынастан бас тарту әйел мен еркектің денсаулығын қандай жағдайға душар етуі мүмкін?! 

МАҢЫЗДЫ: Еркектер жасы ұлғайған сайын төсек ләззатынан бас тартудың орнына жүйелі түрде тән қалауын орындап тұруы керек. Олай болмаған жағдайда қауіп күшейе береді. 

ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАУІП БАР? 

Гинекологиялық аурулар – бұлар жайында айтылып та жазылып жүр. Тағы бір қайталай кеткен артық болмас. 

Жыныстық қатынастан бас тарту - әйел ағзасын ауыр жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Оның себебі, сексуалды қозу кезінде әйелдің жыныс мүшелерінде қанайналым әдеттегіден арта түседі. Ал тән жақындығы болмаса, кіші жамбаста тұрып қалады. Нәтижесінде – түрлі аднекситтер, мастопатия және басқа да гинекологиялық аурулар бас көтереді. Одан бөлек, менструалды цикл кезі ауыр өтіп, ауырсынуды басатын ешбір дәрі көмектеспейтіндей жағдайға жетуі мүмкін. 

Иммундық жүйеде проблемалар басталады. Физиологтар жыныстық қатынаспен жүйелі түрде айналыспайтындардың иммунитеті 30%-ға төмендейтініне әлдеқашан көз жеткізіп қойған. 

Артық салмақ. Әйелдердің ең маңызды «бас ауруы». Әйелдердің көпшілігі эндорфин (жыныстық қатынас кезінде бөлінетін «бақыт» гормоны) жетіспеушілігінің орнын тамақпен толтырғысы келеді. Сондықтан ғой, әйелдердің жылдам толысып кететіндігі. Енді бірі оны алкогольді ішімдіктен іздейді. Ішімдік – артық салмақтың жиналуына тамақтан да көп әсер етеді. 

Гормондық жүйе қызметінің бұзылуы – көбіне тән ләззатын қажетті деңгейде ала алмаудан болып жатады. Ұзақ уақыт төсек жақындығы болмағаннан әйел ағзасында еркектік гормондар көбейіп, салдарынан терінің түсі оңады, әжім түседі және бетке түктер шығып, бөртпелер басады. Төсек ләззаты ағзада коллагеннің бөлінуіне ықпал етеді. Ал оның мөлшері азайған соң, әлбетте, тері қартая бастайды. 

Күйзеліс, стресс, ашушаңдық – бұлар кез келген әйелге таныс. Тіпті, түні жақсы өтпеген әйелдің таңертең көңіл-күйі болмай тұратынын кез келген әйел іштей мойындайды. 

ЕРКЕКТЕР НЕДЕН ҚОРҚУЫ КЕРЕК? 

Қобудың (эрекция) бұзылуы, шәуһатты ұстай алмау, простатиттің асқынуы – жақсы емес. Әсіресе, жас ұлғайған сайын жыныстық қатынасты жүйелендіріп, ағза қалауын орындап тұру қажет. Олай болмаса, аталған жайсыздықтар бірінен соң бірі мазалай бастайды. Жыныстық қатынастан бас тарту - еркектердің де жүйкесіне тиеді. Ашушаң, қызба боп кететіндігінің де бір себебі осы төсекпен байланысты. Тіпті, осыдан барып күйзеліске түсуі де мүмкін. Еркектердің де гормондық жүйесі бұзылады. Артық салмақ қосып қана қоймай, олардың терісі қартаяды. 

Еркектік гормон артып кеткен соң психикасында проблемалар болып, қисыны жоқ идеяларды іздеп, жөнсіз әрекеттер жасайды. Тіпті, екі түрлі адамның кейпіне еніп өмір сүріп кетуі мүмкін. 

Ең қорқыныштысы – жыныстық қатынаста тұрақты болмаған немесе ұзақ уақыт тән ләззатын алмаған еркектер өздерінің еркек жынысты екендігінен «адасып», сексуалды бағытын (ориентация) өзгертуі де мүмкін екен. Әйелмен тән жақындығын жасау мүмкіндігі ұзақ уақыт болмаса, сексуалдық нысан ретінде өз жынысынан қарастыра бастауы ықтимал. 

Тән қалауын ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ қанша уақытта қанағаттандырып отыру керек? Ол туралы біз жазған болатынбыз. Дегенмен, өз тәнін, өз қалауын түсіне білген адам қанша уақытта болатынын жақсы білсе керек. Осы ретте некелі жардың, тұрақты серігінің болуы – әйел немесе еркек үшін МАҢЫЗДЫ екендігін тағы бір түсінеміз. Ендеше, еркек пен әйелге берілген ең бір тәтті сәт – төсек ләззатының адал да таза, тұрақты, некелі болғанына және жүйелі түрде «көрпеасты» шаруасын реттеп тұрғанға не жетсін?! «Тақтан түссе де, аттан түспесін» кім де болса?!

Дереккөз: ERNUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары