Жаңалықтар 14.04.2019 сағат 05:31  181

Владимир Путин бір жылда 8,6 млн рубль табыс тапқан

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы 8 миллион 648 мың 353 рубль (шамамен 134 мың АҚШ доллары) табыс тапқан деп жазады Азаттық.

Владимир Путин бір жылда 8,6 млн рубль табыс тапқан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кремльдің жұма, 12 сәуір жариялаған мемлекет басшысының табысы, шығысы және мүлкі жайлы декларациясында осындай дерек көрсетілген. Өткен жылы президенттің орташа жалақысы айына 720,7 мың рубльді (шамамен 11 мың доллар) құраған.

Декларацияда көрсетілген дерекке сәйкес, Путиннің атына тіркелген жылжымайтын мүлік құрамында өзгеріс жоқ. Президенттің 77 шаршы метрлік пәтері және 18 шаршы метрлік гаражы бар. Онда сонымен бірге ауданы 153 шаршы метрді құрайтын тағы бір пәтер және гараж орны бар. Мүліктердің барлығы Ресейде деп көрсетілген.

Декларация бойынша, Путиннің "Волга" ГАЗ М21, жол талғамайтын "Нива" көлігі, "Скиф" тіркемесі бар. 2018 жылы президенттің табысы 2017 жылмен салыстырғанда 10 миллион рубльге азайған.

Ресейлік ТАСС агенттігінің жазуынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Татьяна Навка Кремльдегі шенеуніктердің әйелдері арасында табыс көптігі жағынан қатарынан үш жыл алдыңғы орынды бермей келеді. Ресей президенті және үкіметінің ресми сайтындағы дерекке сәйкес, Навканың табысы 2018 жылы 218 миллион рубльден асқан.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар