Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов келіншегі Мөлдір босанғанда оған көлік сыйлайтынын айтып, журналистерге мақтанған еді. 31-арнадан» шығатын «Айта берсін» бағдарламасында Мөлдір бірнеше ай өтсе де уәденің әлі орындалмағанын айтты.
«Уәде берді, бірақ әлі алған жоқпыз. Маркасын сосын көре жатармыз. Мен дүниеқор адам емеспін. Өте қарапайым киінемін. Бір көлікпен 5-6 жыл жүре беремін.
Бірақ үйге, жиһазға қатты мән беремін. Басқаларды қайталамауға тырысамын. Ет тамағымның өзі ерекше», – деген Мөлдір үшін қонақтардың көңілінен шығудың өзі бір ғанибет екен.