$ 494.87  520.65  4.91

Кезектен тыс президент сайлауы инвесторлардың да күдігін сейілтеді

Қазақстан үшін президентті жылдам анықтау маңызды. Бизнес сарапшылар мен шет елдік инвесторлар саяси тұрақсыздықты аса құптамайды. Олар нарықта Қазақстан билігіне кімнің тұрақтайтынына аса алаңдаулы. «Бұл алдағы саяси стратигия үшін қажетті қадам. Елімізде  ірі жүйеқұрушы салаларда сырттан келер қаржыландыру басым» дейді экономика  ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының бас экономисі Вячеслав Додонов. 

«Кез келген бизнес тұрақсыздықты, әсіресе, саяси  тұрақсыздықты ұнатпайды. Қазақстанда сыртқы инвесторлар бірден қарағанда өте жылдам. Олар үшін қаржыны басқа елге  бұрып, жұмыс жасау аса қиын емес. Сондықтан елдегі билікті тізгіндер азаматты анықтау экономика тұрғысынан аса маңызды», –  дейді сарапшы. 

«Шет елдік инвесторлар  елдің ішкі жаңдайынан бейхабар, осылайша олар кей жайтты басқаша  қабылдауы да  ғажап емес екендігін Додонов ерекше атап өтті. Сонымен қатар бұл жағдай валюта нарығының тұрақсыздығына, оның ішінде ұлттық валютамыздың құнына кері әсер етуі мүмкін екендігін ескертеді сарапшы. Сондықтан Қазақстандағы ауыспалы кезеңның тез өткені жақсы. Міне сол үшін елдегі сайлауды жедел өткізуге шешім қабылданды», – дейді Додонов. 

Тұңғыш президент жанынан құрылған қордың дүние жүзілік экономикалық және саяси институт экономисі Жұмабек Сарабеков өз кезегінде Елбасы қызметтен кеткеннен кейін шет елдік инвесторлар арасында күмән пайда болғанын жасырмайды.  

«Шет елдіктер Қазақстанның халықаралық міндетін  инвесторлар алдында қалай сақтап қалатындығына алаңдайды. Соңғы жылдардағы экономикалық жаңғыруда өз ерекшелігін қалай сақтап қала алатындығы да маңызды мәселе. Мұны шет елдік ақпарат құралдарының сараптамасынан байқау қиын емес. Сондықтан сайлауды тез арада өткізу бұл мәселелердің нүктесін қоя алады, экономикалық қауіпті сейілтеді. Осылайша нақты жоспар құруға да болады. Бірақ кімнің өз кандидаттығын ұсынатыны да белгісіз», –дейді сарапшы.  

«Бірақ кандидаттардың кім болатынына қарамастан президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың шынайы әрі ашық өтуіне жағдай жасауды өз міндеті санайды. Менің пікірімше, бұл Қазақстанның ішкі, әрі сыртқы саясатына биліктің заңды тұрғыда әсер  ете алатындығының көрсеткіші. Сонымен қатар сарапшы еліміздің әлем алдында демократиялық бағытта тұрақты дамыған мемлекет екендігін айқындайды деген пікірде Жұмабек Сарабеков.

Зарина Кәрімова 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары