16 сәуір күні еліміздің кейбір өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде, күндіз тауда қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында кей уақытта найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 16 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %