$ 444.22  476.38  4.82

«Жасарал мендей жыласын»: Сәуле Әбілдаханқызы белгілі саясаткерді қарғап тастады

Белгілі тележүргізуші, соңғы кездері көпбалалы аналар мәселесін қозғап жүрген Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасына белгілі саясаткер Жасарал Қуанышалинді қарғап, жазба қалдырды. 

«Әуелеп ұшар лашын, Лашын жаяр құлашын. Перзенті өліп, дос сатып, Жасарал мендей жыласын»,  – деп жазған ол. 

Әбілдахақызы саясаткерді бұлай қарғауының себебін былай түсіндірген: 

«Өте мәдениетсіз, алжып кеткен шал, саясаткерсымақ Жасарал Қуанышалин інім Нұрсұлтан көз жұмғалы бері маған небір сөзін айтып келеді. Әйел секілді аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Заңгер Абзал Құспанның қызы шетінеген де сонысын тоқтатқан жоқ. Кей жамандықты жауыма да тілемеймін деуші едім, бірақ осы қарғысым үшін тозаққа түсуге дайынмын. Ол үшін құдайдан кешірім сұрамай-ақ қойыңыздар. Құдайдың өзін қарғай беретін қазаққа тасарал-масарал деген кім дейсің», – деп жазды С. Әбілдаханқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары