$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолада сенбілік кезінде қайтыс болған оқушының жанында тағы бір бала болғаны анықталды

Ақмола облысының Атбасар қаласында токқа түсіп көз жұмған жасөспірімнің 15 жастағы мектеп оқушысы екені анықталды. Сонымен бірге, тағы бір жасөпірім зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Ирченко темір жол стансасында орын алған. 

«Атбасар аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Мариновка орта мектебінің 8-сынып оқушысы 15 жастағы ұл бала абайсызда көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылғы сәуірдің 11-де шамамен сағат 16:00-де  бала Ирченко стансасындағы пойыздың астық тиегіш вагонына шыққан. Вагон тоққа қосылып тұрғандықтан жоғары кернеулі электр сымынан ток соғып, көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық сұрақтар ІІЖБ құзыретінде», - деп түсіндірді Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Ал, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен екінші баланың жағдайы қанағаттанарлық. 

«Зардап шеккен бала 2019 жылғы сәуірдің 12-де Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылды. «Электр тогының әсері» деген диагноз қойылды. Ауруханаға жеткізілген кезде бас және кеудесі ауырғанын айтты. Қазір жағдайы орташа ауыр. Есін біледі.  Терісінде токтың әсері білінбейді. Гемодинамикасы тұрақты. Травматолог, педиатр және психолог тексерді. Ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты», - дейді ведомстводан. 

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 344-бабының 2 бөлігі (теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары