Оралда жоғалып кеткен Жанаргүл Нұрғазиева іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызы Айжанар Қуанышқалиеваның айтуынша, 1975 жылғы анасы 15 сәуір күні сағат 10-да жұмысқа кеткеннен оралмаған.
Урдинская көшесі 2/9-мекенжайындағы үйінен шығып кеткенмен, жұмысқа бармаған.
Үстіне қызыл жилет киген, қара шалбар, қызыл кроссовкасы, қара сөмкесі болған. Бойы 165 см.
«Анам көп ақшамен кеткен. Телефондары жауап бермейді. Жан-жаққа сұрау салып, бар амалын жасап жатырмыз. Полиция да іздестіруде. Егер бір дерек білетіндер болса, 8-747-501-34-25 телефонына хабарласса дейміз», – деді А.Қуанышқалиева.