17.04.2019, 03:44

ШҚО-да зорлықпен өлтірілген 92 жастағы әжейдің денесі табылды

14 сәуір күні 102 пультіне тұрғындардың бірінен пәтерден түтін  шығып жатқаны жайлы хабар түскен, деп хабарлайды yk.kz.

Өрт сөндірушілер мен полицейлер пәтерден зорлықпен өлтірілген белгілері бар 1927 жылғы жергілікті тұрғынның денесін тапты. 

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Адам өлтіру» бабы боынша қылмыстық іс қозғалды», –  дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жедел іздестіру шаралары барысында азық-түлік дүкеніндегі видеобақылаудан күдіктінің түрі анықталды. Ол Прогресс Глубоковск ауданының 32 жастағы тұрығы боп шықты. Бұрын сотталған. Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.