16 сәуір күні Ақтауда ішімдікке тойып алған ер адам көшеге пышақ ұстап шыққан, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әйел адам полицейлерге 5-шағынауданда пышақ ұстаған ер адамнан қатты қорыққанын айтып, шағым түмірген.
Оқиға орнына «Сұңқар 2» экпажы, аға лейтенант Нұрлан Қаштаев пен кіші сержант Мейрамбек Оразбай жеткен.
«Ер адам 4-шағынаудандағы 37 мен 38-үйдің ортасында тұрған жерінен ұсталды. Ішімдік ішіп, қоғамдық орында өзгелерге зиян келтіргені үшін хаттама толтырылды», – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: inaktau.kz