Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға - 379,41 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,65 теңгеге арзандаған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 379,15 теңге, ал ең жоғарысы - 379,7 теңге болған. Сауда көлемі 41,62 млн долларға жетті.
Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 380,06 теңгені, күндізгі сессияда 379,9 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,96 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 79,798 млн доллар.