$ 498.34  519.72  4.85

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса»: елордалықтар жаңа президенттен не күтеді? (ФОТО)

«Елбасы басқарған кездегідей тыныш болса». Осылай деген елордалықтар болашақ мемлекет басшысынан не күтетінін, алда қандай мәселелерді шешу керек екенін айтты. 

Жәнібек Жұмабеков, дыбыс режиссері 

Кезектен тыс сайлау өтетініне қуаныштымын. Елді билеуге жас адам келеді деп ойлаймын. Осы орайда Елбасына алғыс айтқым келеді. Уақыт өз дегенін алады. Енді күш-қайраты тасып тұрған адам президент болуы керек. Жақында ғана Тоқаев өз сөзінде сайлаудың әділ өтетінін айтты. Солай болады деп сенемін. 

Әбдіқадыр Сабыр, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры

Жаңа сайланатын президент қазақ тілінің мәселесін шешеді деп ойлаймын. Сондай-ақ жемқорлықты жойып, кіші және орта бизнеске демеу болса. Және әлеуметтік сұрақтар да шешімін тапса деймін. 

Жанар Тұрымбаева, кітапхана қызметкері

Біріншіден сайлаудың әділ өткенін қалар едім. Сосын кітапхана қызметкерлерінің жалақасы өссе деймін. Мұғалімдердің еңбегі бағалансын. Зейнетақы көбейіп, Елбасымыз айтқандай экномикамыз алға жылжыса екен. 

Балқаш Жұбатқанқызы, тұрғын

Барлығы халық үшін жасалуы керек. Жастардың шет ел асып кетпеуі үшін оларға жағдай жасаған дұрыс. Жатақханамен қамтамассыз ету керек.  Елбасымыз басқарған кездегідей бейбіт болсақ деймін. 

Мәди Асылхан, студент

Мен Тоқаевтың кезектен тыс сайлауы туралы шешімін қолдаймын. Өзім де Тоқаевқа дауыс беремін. Алда оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы көтерілсе деймін. 

Аида Сағатбекова, туристік фирма директоры 

Жаңа прездент Елбасының саясатын жалғастырып, елімізді одан әрі дамытсай деймін. 

Туристік салада қызмет ететіндіктен Қазақстандағы туризмді  қолға алып, Түркістан, Самарқанд, Бұқара баратын арнайы туристік кластер жасалса екен.

Сандуғаш, декреттік демалыстағы ана

Баланың бір жасына дейін ғана айлық жәрдемақы аламыз. Ал декреттік демалыс 3 жыл. Жәрдемақыны да 3 жылға дейін ұзарту керек. Жалақаны да көбейту керек. Назарбаевтың кезінде бәрі тыныш еді. Солай боп қалса екен. 

Наталья, зейнеткер

Зейнеткерлер әлі кімге дауыс беру керек екенін білмейді. Жаңа президент денсаулыққа көңіл бөлсе жақсы болар еді. Қазір емханаға барсам, 60 жастағы менімен ешкім де жөнді сөйлескісі келмейді 

 

Зульфия РАИСОВА

Фото: Ертай ЫДЫРЫШ

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары