$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа президент «Ұлт көшбасшысы» саясатын жалғастырады деп үміттенеміз

11 сәуірде Нұр-Сұлтандағы «Ютария» зауытында Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев және «Жасампаз» отандық өндірушілер қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  9 маусымда кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты жақында біз Қазақстан Халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысын өткіздік», – деп сөз бастады ол.

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары алдағы президенттік сайлау маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.

«Осындай шешуші сәт тұрғанда біз қашан да елімізді қолдап, демеу болуымыз керек. Мұның бәрі биліктегі тұрақтылық, демократиялық институттардың тиімділігін, саяси мәдениетті және біздің азаматтарымыздың бірлігін көрсетеді.

Сондай-ақ, экономиканы, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту мен әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін табысты шешу үшін сайлауды кешіктірмеу керек. Бұл еліміздің ішкі және сыртқы саясатының үздіксіздігін және болжамдылығын растайтын барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Халықаралық қоғамдастық, шетелдік әріптестерімізді қоса алғанда, біздің серіктестеріміз, біздің республикамыздың дамуын мұқият бақылап отырғанын ұмытпаған жөн. Саяси және экономикалық бағытта ішкі тұрақтылық бәріміз үшін маңызды», – деп сөзін аяқтады Түймебаев кездесуде.

Ол президент сайлауының әлеуметтік үйлесімділікті және ұлттық бірлікті нығайтуға көмектесетініне сенімділік білдірді. 

ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев сондай-ақ жаңа президент «Ұлт көшбасшысы» саясатын жалғастырады деп үміттенетінін айтып, осыған байланысты алда Қазақстанның әл-ауқатын арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары