Жаңалықтар 17.04.2019 сағат 10:34

18 cәуірде елордада күн 10 градусқа дейін суытады

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы -10°С дейін төмендейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

18 cәуірде елордада күн 10 градусқа дейін суытады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазгидромет» мәліметі бойынша ертең қалада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауады. Түнде оның жылдамдығы 9-14, күндіз 5-10 м/с дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз 0°С шамасында. 19 сәуірде көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбық жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -3...-5°С, күндіз +6...+8С көрсетеді. 20 сәуірде де күн құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 7-12 м/с құрамақ. 

Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +3...+5°С шамасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар