Жаңалықтар 17.04.2019 сағат 11:45

Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты

ҚР Президентінің аккаунты жалған болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Берік Уәли соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткендігін айтады. Ол сондай-ақ кейбіреулер жалған аккаунтты коммерциялық мақсатта қолданатынын да жеткізді. 

«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты», –  деп жазды ол. 

Берік Уәли әлеуметтік желі қолданушыларын презмдент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар