$ 449.58  486.94  4.86

Бақыт Сұлтанов ауа райының күрт бұзылуына байланысты тұрғындарды абай болуға шақырды

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындарын жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ауа райының күрт бұзылуына байланысты қала көшелерінде мұқият болуларыңызды сұраймын. Метеоқызмет мәліметтеріне сәйкес, 15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтілуде (жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін). Көптеген көлік иелері дөңгелектерін жазғы маусымға ауыстырып үлгерді. Сондықтан, көлік жүргізушілерге жол арақашықтығын сақтап, жол ережесін бұзбауды және оқыс маневр жасаудан бастартуды ұсынамыз. Жолда абай болыңыздар!», - деп жазды Бақыт Сұлтанов өзінің Фейсбук парақшасында.

Бұған дейін, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары