$ 445.66  474.58  4.78

Полицейлер көпшіліктен Ақмола облысынан табылған мәйітті тануға көмек сұрайды

Тәртіп сақшылары  8 сәуірде Ақмола ауылының маңайынан табылған мәйіттің кім екенін анықтау үшін жергілікті тұрғындардан көмек сұрайды.

Мәйіттің түр келбеті еуропалық, бойы 168-170 см, 40 пен 60  жас шамасына келетін, арық денелі, ақшыл жирен шашты, сақалды, қалың қасты, айрықша белгілері жоқ. Тірі кезінде оң жақ өкпе рагының 4- кезеңімен, бауыр метастазымен, грыжамен ауырған.   

Үстіне қоңыр түсті дубленка, қанық сұр түсті джинс шалбар, қара түсті жейде, қалпағы бар жемпір, қара түсті шұлық,  қара тоқыма қалпақ, 43-өлшемдегі қара қалың галош киген. 

 Құқық қорғаушылар бұл азаматқа қатысты қандай да бір мәлімет білетіндер  болса Цилиноград ауданының кезекші бөліміне (Ақмол әкімшілік орталығы, Линейная көшесі 1а) немесе кезекші бөлімнің 8-716-51-25-00-2 байланыс номеріне хабар берулерін сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары