$ 494.87  520.65  4.91

Жаркенттегі оқиғадан кейін Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылды

Жаркентте полиция қызметкерлері жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атқаннан кейін Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал оқиға орнынан бой тасалаған үш күдікті қызметкер жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірмеді.  

«Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілгенін растаймыз. Ал оқиға орнынан қашып кеткен полицейлер ұсталған-ұсталмағаны жайлы бізде ақпарат жоқ», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сергей Незнаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы Панфилов ауданының шенді полицейлері пара алды деп айыпталып отыр. Олар 2 491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдікке ілікті. Тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары