$ 446.78  481.81  4.84

Әділдікті ту еткен Тоқаев жан-жағын жемқорлардан тазартуы керек – Сәдібек Түгел

Бүгінге дейін жемқорлықта аты шықпаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жағын жемқорлардан тазартуы керек. ҚР Президентіне үміткер, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени бірлестігінің төрағасы, тіл жанашыры, прозашы, қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сәдібек Түгел осылай деп пікір білдірді. 

Қоғам қайраткері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  кезектен тыс президенттік сайлауына қатысты мәлімдемесі уақытында қабылданған шешім деп ойлайды. 

«Өзіңнің еліңді, заңынды, одан кейін басшыңды сыйла деген. Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді. Сол үндеуіндегі «Мен Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни сіздерге сенемін» деген болатын. Президенттікке үміткер ретінде мен де сайлаудың әділ өтетіне сенетінімді айтқым келеді, – дейді ол.

Жазушы Сәдібек Түгел елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін еңбегі орасан зор екенін айта келе, Тоқаевтың сол саясатты жалғастыра алатын бірден бір тұлға екенін жеткізді. 

«Әкем марқұм айтушы еді «Азамат таза болуы керек. Азамат таза болса, отбасы таза болады, ел таза болады, ел таза болса, қоғам таза болады, мемлекет күшті болады. Міне қазіргі билік басындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқорлыққа қатысты қандай да бір істе аты бір де бір рет аталмаған. Енді айналасындағылардың барлығын тазалауы керек. Біз сонда мықты мемлекет боп қала береміз»,  –  дейді жазушы. 

Айта кетейік, Сәдібек Түгел ҚР «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени бірлестігінің атынан 17 сәуір күні президенттікке кандидат ретінде ұсынылып, тіркелді. 

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, 9 маусым күні кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары