Продюсер Баян Есентаева жеке аккаунтында депутат Ғани Қасымовтың ұсынысын жариялады. Онда саяси тұлға Есентаевамен тамсанатынын айтып, фильм түсіруге ұсыныс жасаған деп жазады NUR.KZ.
«Қымбатты Баян Есентаева! Сіз мен үшін өте абыройлы, қазіргі заманның белді мәдениет қайраткерісіз. Сіздің шығармашылық идеяларыңыздың қалай жүзеге асатынын мұқият қадағалап отырамын. Шын жүректен қуанамын», – дейді жазбасында Ғани Қасымов.
Бұған қоса, мемлекет қайраткері Есентаеваға Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева сынды аты аңызға айналған әріптестері жайында кино түсіру жайында сөз қозғайды.
Қасымов Баян Есентаеваның алғырлығы мен ерекше дарынын алға тарта отырып, жаңа туындының продюсер үшін ең абыройлы еңбек болатынын атап өтеді.
Өз кезегінде, Есентаева да аталмыш ұсынысты жүзеге асыруға тырысатынын айтты.
«Құрметті Ғани Есенгелдіұлы! Сіздің жазбаңызды оқу мен үшін зор құрмет! Сеніміңізге рахмет! Сіздің идеяңызды жүзеге асыруға барынша тырысамын. Әрине, киноның тұсаукесер түсірілімінің алғашқы қонағы сіз боласыз» – деп алғысын білдірді продюсер.