$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Келімбетов қызметінен кетеді ме?

Бүгін, 2 қарашада Қазақстан сенаты пленарлық отырыс барысында Ұлттық банктің төрағасын тағайындауға келісім беру мәселесін талықлайтын болады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақстан жаңалықтары» АА хабарлайды.

 

Агенттік дереккөзі депутаттар Ұлттық банк басшысын ауыстыру мәселесін талқылай ма, жоқ әлде әңгіме 2013 жылдың 1 қазанынан бастап Ұлттық банкті басқарып келген Қайрат Келімбетовтің қызмет мерзімін ұзатуға қатысты бола ма, ол жағын нақтыламады.

«Біз әзірге қайта тағайындала ма, әлде жаңасын тағайындай ма, білмейміз. Мен ештеңе айта алмаймын», – дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Ал Ұлттық банк баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

Ұлттық банктің заңына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банк төрағасын президент парламент сенатының келісімімен 6 жылғы тағайындайды.

Ал мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенаттан Ұлттық банктің төрағасы етіп Данияр Ақышевті тағайындау туралы өтініш білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары