Петропавлдағы жекеменшік үйлердің бірінде газ жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға Жұмысшылар кентінде болған. Оған тұрмыстық газ баллонын дұрыс пайдаланбау себеп болған. Уақытша салынған үйдің қабырғалары мен шатыры опырылған, бірақ артынша өрт тұтанбаған.
Газ жарылысы салдарынан екі қолын, табанын, бетінің 3 пайызын 2-3 дәрежелі күйік шалған 55 жастағы ер адам №3 қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.
«Тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өрт қауіпсіздігі жағдайын үнемі қадағалап отыруын, әсіресе пештердің, газ қондырғылардың, электр сымдары мен электр аспаптарының ақауы бар-жоғына аса мән беру қажеттігін ескертеміз», - дейді департамент өкілдері.