$ 448.15  483.46  4.86

Өзбекстанда 4 жігіт гейді ұстап алып, оған қорлық көрсеткен (ВИДЕО)

Өзбекстанның Самарқанд облысы Самарқанд ауданында тұратын үш баланың әкесін 14 сәуірде белгісіз біреулер аяусыз ұрып, шешіндіріп видеоға түсірген деп жазады centralasian.org.

32 жастағы самарқандықтың айтуынша, екі ай бұрын ол әлеуметтік желі арқылы жас жігітпен танысқан, ол гей екенін айтып, 14 сәуірде кешке кездесуге шақырған.

Кейін ол бұл кездесуді гомофоб топ ұйымдастырғанын түсінген. «Біз "Одноклассникиде" екі ай сөйлестік. Ол мені жақсы көретінін, менің қызға ұқсайтынымды айтты. Ол кешке кездесіп, ішіп-жеп, көңіл көтеруге шақырды. Мен оған сеніп қалдым...»

«Белгіленген орынға келген уақытта мені төрт жігіт машинаға күшпен отырғызып, Даргам каналына алып барды, сол жерде өлтіреміз деп қорқытты», - деді ол.

«Олар мені шешіндіріп, видеоға түсірді. Олар мені ұрды, жыныс мүшемнен тепті, ішіме пышақ кезеді. Олар менің аяқ-қолымды байлағысы келді, сол кезде мен сытылып шығып, каналға секірдім. Суда бір сағаттай отырдым. Сосын сол жерге қайтып бардым. Олар киімдерімді қалдырып, сөмкемді алып кетіпті. Оның ішінде төлқұжатым, ақшам болған», - деді ол.

Келесі күні ол милицияға хабарласқысы келген, бірақ оның гей екені барлығына жария бола ма деп қорыққан. «Мен милицияға, прокуратураға шағымдана аламын. Бірақ бізде ЛГБТ өкілдерін сынайды. Мен мәдениет саласында өнер көрсетемін, ауданда беделім бар. Гей екенімді әйелім мен балаларым біліп қоя ма деп қорқам. Мені ұрған адамдар түсіріп алған видеоны жариялай ма деп те қауіптенемін», - деді ол. Елінде азап көрген жігіт гейлердің құқығы құрметтелетін елге көшкісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары