Халық президент үшін емес, президент халық үшін қызмет қылып, сенімді ақтаса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының беделді қызметкері Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов мемлекет басшысы туралы осындай пікірде.
«Елімізде қандай да бір жақсылық болса қара халықпен бірге бірінші болып қуанатыны ақын-жазушылар. Тіпті қиындық болса жұбатып, келер күнге сенім ұялатуға барымызды саламыз. Билік басында болып жатқан өзгерісті біз жақсы қабылдадық», – дейді мәдениет қайраткері, белгілі ақын-жазушы Баянғали Тоқанұлы.
Еңбек жолында президенттің әкесі Кемел Тоқаевпен жолдас болып, бір бағытта қызмет атқарған жазушы «Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы» дегенді қазақтың тегін айтпағанын президентімізге қарап аңғаруға болады. Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлының турашылдығы, парасаттылығы мен білімділігі жас кезден байқалды. Көп тілді білетін, зиялы тұлға ретінде оның беделі жоғары. Алдағы уақытта халықтың президент емес, президенттің халық үшін қызмет қылып, сенімді ақтаса екен деген ғана тілектеміз бар»,– дейді.