22.04.2019, 08:41

Нұрлан Қоянбаевтың президент сайлауына түсетіні жайлы ақпарат тарады

КВН ойыншысы, шоумен, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың ҚР кезектен тыс президент сайлауына үміткер болатыны жайлы ақпарат тарады. Бұл туралы yvision.kz блог-платформасына  @kay_zz есімді аккаунт иесі жазған. 

Ол «КВН одағының» Нұрлан Қоянбаевты президенттікке үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына ұсынғанын жазған.

Еске сала кетейік, 9 сәуір күні Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, 9 маусым күні кезектен тыс сайлау болатынын мәлімдеген болатын.