Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan кезектен тыс ХІХ съезінде президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары болады. Партия төрағасы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қарастыруларыңызды ұсынамын. Сенат Төрағасы ретінде ол парламентаризмнің дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар бойы ол менің серіктесім болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.