Елбасының сенімі, партияның қолдауы маған ерекше күш-қуат береді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде осылай деді.
Сөз басында президент еліміздің тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұрғанын айтты.
«Елбасының парасатты пайымы ел жылнамасында жасампаздықтың жарқын парағын ашты. Осындай аса жауапты сәтте Елбасының сенімі, партияның қолдауы маған ерекше күш-қуат береді. Мен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын. Баршаңызға көп рахмет.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Елбасы басшылығымен кедейшіліктен, аласапыраннан тұрақтылық пен гүлденуге қарай ілгерлеушілік жасады. Тұңғыш Президент, партия Көшбасшысы бейбітшілікті, тыныштықты, ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді қамтамасыз етті», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтті. Жиында сөз алған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттыққа Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынатынын айтып, халықты Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
Сондай-ақ елбасы сьез соңынада көзіне жас алды.