$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ президенті виза режимін бұзатындармен күрес амалдарын әзірлеуді тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік департамент пен ішкі қауіпсіздік министрлігіне туристік не бизнес виза мерзімі өтіп кетсе де елде қалып қоятын шетелдік азаматтар мәселесін шешу үшін кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды, деп жазады Азаттық.

Ақ үй өкілінің айтуынша, виза режимін бұзатындар саны өте көп. Департамент пен министрлікке ұсыныс әзірлеуге 120 күн берілген.

Қабылдануы ықтимал шаралар қатарында виза мерзімі өтіп кетсе де еліне қайтпайтын азаматтар қай елден болса, сол мемлекеттерде виза бермеу айтылады. Виза сұратқан азаматтың ережені бұзбайтынына кепіл ретінде ақша өткізуі де ықтимал амалдардың бірі.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ-қа кірген азаматтардың 415 мыңы елден уақытында шықпаған. Ресми дерек бойынша, визасы өтіп кетсе де АҚШ-тан кетпеген азаматтардың 10-40 пайызы 20 елден келген. Бұл тізім басында Ангола, Чад, Сирия мен Йемен тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#АҚШ #Трамп