Әбілқайыр Сқақов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Тиісті өкімге бүгін, 23 сәуірде Қазақстан президенті қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.