Stratfor барлау-сараптама компаниясының сарапшылары ресейлік А321 лайнерінің Синай түбегінде құлауына борт ішінде жарылған бомба себеп екенін атады. Бұл туралы компанияның баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды Slon.ru.
"Балама сценарийлердің шындыққа жанаспайтынын есепке алғанда, ұшақтың құлауына борттағы жарылғыш заттың себеп болуы ақылға қонымдырақ", - делінген Stratfor сарапшыларының баяндамасында. Алайда, сарапшылар ұшақта ақаудың шыққанын жоққа шығармайды. Десе де, айтуларынша, құрылғылардың ақауынан ұшақтар көп жағдайда ұшқан кезде және қонған кезде құлайды.
Сонымен қатар, сарапшылар ұшақ ДАИШ содырларының жерден жасаған шабуылынан құлады деген нұсқа ақылға қонымсыз. Баяндамада рейстің қандай да бір қарудан атып түсіретіндей диапазонда болмағаны айтылады.
Айта кетейік, осыған дейін Airbus-А321 лайнері апатқа ұшыраған орынға барған мамандар оқиғаның болу себебінің негізгі нұсқаларын айтқан болатын. Бұған дейін Airbus-А321 лайнері апатқа ұшыраған орынға барған мамандар ұшақтың әуеде бөлініп кеткенін айтқан болатын. Олар мұны ұшақ бөлшектерінің үлкен аумаққа құлағанынан білуге болатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.