Атырау-Алматы жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
«Үшінші қараша 12.10-да №41 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының вагондарының бірінен түтін шықты», — делінген хабарламада.
Төтенше оқиға темір жолдың Атырау бөлімшесінде орын алды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар басқа вагондардағы бос орындарға орналасып, пойыз одан ары өз бағытымен аттанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пойыз Алматыға белгіленген қозғалыс кестесі бойынша келеді. Вагонның түтіндеу себебі анықталуда», — деп атап көрсетілген хабарламада.