$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда шағын автобус жанып кетті

Павлодарда Сәтбаев және Толстой көшелерінің қиылысында, Erstes мейрамханасының маңында шағын автобус өртке оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқыс оқиға орын алған жерден суреттер мен видеоны әлеуметтік желілердің пайдаланушылары жүктеген. Өрттің болғанын Павлодар облысының ТЖД растады. – №3 бағыт бойынша жүрген «Хундай-Каунти» шағын автобусының салоны толығымен жанып кетті.

Сондай-ақ қызыл жалын алдыңғы екі дөңгелек пен мотор бөлігін жалмады. Өрт таңғы сегізде басталып, он минуттың ішінде өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін он жолаушы өздігінен көліктен сыртқа шыққан.

«Жарақаттанғандар жоқ. Бұл қасақана өртеу болмағандықтан, полиция істі тергемейді» – деп толықтырды ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары