25.04.2019, 14:40

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің мұқтаж жандарға уақытылы жетуін тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж жандарға уақытылы жеткізуді тапсырып, ал оған кедергі келтіргендердің жазаланатынын айтты. 

«Үкіметке және Әкімшілікке, облыс әкімдері мен орталыққа қарайтын қалалардың әкімдерімен бірлесіп, Атаулы Әлеуметтік Көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырдым. Қағазбастылыққа жол берілмесін. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп жазды Тоқаев twitter-парақшасында.