04.11.2015, 11:57

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде

www.inform.kz

Қазақстанда алдағы үш күнде жар жауады деп күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Республика бойынша ауа-райы қарлы және салыстырмалы жылы болады деп күтіледі, батыста тұман, ал Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарында белсенді циклон әсерінен – ерекше желді», — делінген 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамында.

Көптеген облыстарда ауа температурасы түнде —5…+5°С, күндіз —2..+3°С, оңтүстікте және оңтүстік-батыста +5…+10°С. Демалыс күндері Кар теңізі аудандарынан келетін суық ауа массаларымен еліміздің көптеген бөлігінде күндізгі температураның  0…-5°С дейін, оңтүстікте +2…+7°С дейін төмендеуі күтіледі.

Тегтер: ауа райы қар