$ 494.87  520.65  4.91

Міндетті медициналық сақтандырудың артықшылығы бар ма?

Бұдан былай әр науқас дәрігерді өзі таңдайды. Денсаулық сақтау министрлігі басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтарын жіпке тізіп шықты.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оған сай, 2017- ші жылдан бастап әр компания қызметкері үшін жалақысынан тыс 5 пайыз ақшасын міндетті медициналық сақтандыруға төлейді. Бұл қаржы арнайы құрылатын қорға жиналады.

Кейін осы сақтандыруда ақшасы бар кез-келген адам қалаған дәрігеріне барып ем-домын алауына болады. Ал, оның емі үшін дәрігерге ақша сол қордан төленбекші.

Жеке меншік клиникалар да осы жаңа жүйеге кіруді қалап отыр. Өйткені, медициналық сақтандыру жұмысын бастаса, қалтасынан ақша шығарып емделетіндер азаяды. Ем-домы үшін барлық төлемдер қордағы ақшадан алынатындықтан емханалар арасында бәсекелестік басталары анық.

«Бәсекелістік медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады. Дәрігер ақшаны көбірек тапқысы келсе, науқасқа барынша жағуы керек. Өйткені, сырқат адам кімге барып емделгісі келсе өзі біледі. Ақша сақтандырудан төленеді. Ал, әлеуметтік аз қамтылғандар, мүгедектер мен зейнеткерлер үшін сақтандыруға ақшаны үкімет төлейді», – дейді  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары