Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзінің бұрынғы әйелімен соттасып жатыр. Экс-боксшы оны алаяқтық жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі боксшының бұрынғы әйелінің мәліметіне сілтеме жасап.
Спортшының бұрынғы әйелі Эльвира экс-күйеуі Сәрсекбаевтың өз ағасымен соттасып жатқанына екі жылдан асқанын айтты. "(...) Ол ажырасуға келісімімді сұрады, сол кезде біз жалған түрде ажырасамыз деп келістік, себебі сот істері үшін оның өкілі ажырасқанымызды қалапты. Сол уақытта мен төртінші балама жүкті едім, бастапқыда бұл ойын дұрыс көрмеген едім. Бірақ ол бірнеше рет өтінді... Осылай жасасам оған қолдау білдіретінімді айтты. Бардық та ажырастық. Ол мені тастап кетпейтінін айтты. Бірақ уақыт өте келе оның бір әйелмен көңіл қосып жүргенін білдім (Адель Макарчук - ред). Сосын ол жанұясын тастап кетті. Келіп тұрды. Ақшалай көмектесті. Екі айда бір, үш айда бір келіп тұрды", - деді ол.
Сонымен қатар, ол Бақыт Сәрсекбаевпен некеде тұрған кездерінде бір бөлмелі екі пәтер сатып алғанын айтып берді. "Кейін ол өз үлесін беруімді сұрады. Бірақ мен бұған келісім бермедім. Келісім берсем, үш баламмен далада қалар едім", - дейді боксшының бұрынғы әйелі.
Оның айтуынша, спортшы ағасымен соттасып жатқанда ол мүлкін өз атынан шығарып тастады. (...) Өз үлесін жазып беруімді сұрады, себебі оған үлкен сомада қаражат керек болды. Үйді сатқысы келді. Оған келісім бермедім. Соңында менің атыма көлік сатып алынды. Наурыз айында ол келіп тұрады деген келісімге келдік... Бұл адаммен өмір сүрмейміз деп шештік. Дау да болды, қол да көтерді. Барлығына дәлелім бар. Барлығы болды. Наурыз айында ол бір бөлмелі пәтерлердің үлесін беріп, балаларыммен бір бөлмелі үйге шығарып салды. Екеуміз ол маған алимент төлемей, ақшалай көмектесіп тұрады деген ауызша келісімге келдік", - деді әйел.
Алайда, оның айтуынша, наурыз айынан тамызға дейін боксшы ештеңе төлемеген. "(...) Балаларымның үш бөлмелі пәтерге ауысқанын қалаймын, 40 шаршы метр үйде тұрғанын қаламаймын. Оған бір бөлмелі пәтер мен көлікті беруге дайынмын. Маған керек емес. Бастысы балаларым жақсы жағдайда өмір сүрсін. Ол бұған келіспеді. Мені сотқа берді. Алаяқтық жасады деп аудандық ішкі істер бөліміне барды. Оның айтуынша, мен оның үйіне алдап барып, қысқы дөңгелектерін алып кетіппін. (...) Дөңгелектерін қайтаруымды талап етіп жатыр, ал мен балаларымды балабақша мен мектепке апарып жүрмін. Немесе 300 мың теңге көлемінде шығынын өтеуім керек екен. Сосын осы көлікті алғысы келіп, алматылық сотқа арызданды", - деді боксшының бұрынғы әйелі. Оның айтуынша, оның бұрынғы күйеуі көліктің 50 пайыз құнын өтеп алғысы келеді екен.
Еске салайық, Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өз бапкері Кәрім Махмұдовтан сот арқылы пәтерін тартып алған еді. Кейін спортшының анасы отбасылық кикілжіңдерді ұйымдастыруын қоюын сұрады. Өз спорт мансап жолында Бақыт Сәрсекбаев Азия чемпионатын үш мәрте жеңіп алды, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Ал 2008 жылы жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына екі алтын медальдің бірін салып берген болатын.