$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді

Қазақстан Президенті «бір терезе» қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге – Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру – орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары