Қоғам белсендісі, «Милосердие» қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде ауру балалары бар бірнеше қауымдастықтағы ата-аналардың жағдайын айтып, хаттарын тапсырды. Кездесу Ақордада өтті.
Аружан өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында айтып өткендей, олар президентпен қоғамдағы түрлі проблемаларды талқылаған.
«Бүгінгі күні бізде түрлі бағытта құқықтары бұзылған балалар үшін заңды көмек беру саласы жұмыс істейді. Осылайша біз заң бойынша мемлекеттен алатын әлеуметтік-медициналық көмеке қатысты, ересектердің тарапынан өрескел бұзылған бала құқығы, криминалды қылмыстық жағдай мен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек көрсетуге тырысамыз», – деп қор жетекшісі желіде пікір қалдырған еді.
«Осы орайда біз мемлекет басшысымен жергілікті атқару органдары өз жұмыстарын сапалы атқарса екен деген тұжырымға келдік. Азаматтардың көпшілігі заңды, өзінің құқығын дұрыс білмейді. Сондықтан әкімшілік қызметкерлері келушілерге қажетті ақпарат беруді реттеп, азаматтар өзіне тиесілі төлем-қызметтерді алса екен дейміз. Қазақстанда біздің қор жұмыс істейтін заңдар жақсы жазылған, бірақ мәселе оның қалай орындалуында болып тұр», – деп сөзін толықтырған Аружан Саин.
Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше балалардың мәселелеріне, оның себебі мен шешу жолдарына назар аударды. Елдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды азайту жолдары мен алдын алуға қатысты шараларды талқылады. Кездесу соңында жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының артып, оны жергілікті атқару органдарының жасыруға тырысатындығы сөз болды.
«Мен мемлекет басшының біздің мәселемізді жіті назарға алып, әр хат бойынша тапсырма беріп, бақылауға алғаны үшін алғыс білдіремін. Маңызды шешімдер осындай кездесуден кейін қабылданады», – дейді «Милосердие» қайрымдылық қорының жетекшісі.