29 сәуірде Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпіріне Қазақстан Конституциясынан цитата ілген Роман Захаровты ұсақ бұзақылық бабымен 5 күнге қамады. Бұл туралы Захаровтың адвокаты Ерлан Ерболатұлы хабарлады.
Адвокат «Үлгерсек Захаровқа шыққан шешім үстінен бүгін шағым түсіреміз» деді.
Әлеуметтік желідегі суреттерге қарағанда, Захаров ілген баннерде Конституцияның 3-бабы 1-тармағындағы «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деген сөз жазылған.
Адвокат Ерболатұлының айтуынша, олар Захаровты қамау туралы сот қаулысын әлі алмаған.
Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Диас Махамбетовтің Захаров 29 сәуірде таңғы 5.22-де ұсталған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-тармағымен (қоғамдық орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) 5 тәулікке қамалды. Адам жүретін жерге пластик бау, скотч пен ақ мата түріндегі тұрмыстық қалдық тастаған», - деді Махамбетов.
Сот алдында жүрген Захаровтың достары «суретшіні полиция бөлімшесіне 9 сағат ұстады» деген. Қалалық сот «Бұл рас па?» деген сұраққа «Білмеймін» деп жауап берді.
Дереккөз: Азаттық