Қазақ-ресей шекарасында зергерлік заттарды заңсыз өткізбек болған әйелдің жолы кесілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәлімдеуінше, Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» (теміржол) бекетінің бақылаушылары «Ташкент Мәскеу» пойызын тексеру кезінде Өзбекстан азаматшасының қол жүгіне жасырылған зергерлік заттарды анықтады, олардың жалпы салмағы 800 грамм болып шықты.
«Ұсталған азаматшаның сөзіне қарағанда зергерлік заттарды Әндіжан қаласынан алып, Ресей жерінде сатуға әкетіп бара жатқанға ұқсайды», делінген хабарламада.
Азаматшаның заңсыз өткізбек болған заттары Кеден комитетінің Ақтөбе облыстық департаментіне берілді.
Қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде.