Алматыда ер адам екі бірдей көліктің астынада қалып, қайтыс болды, деп жазады Sputniknews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам күтпеген жерден жолға шыға бергенде Mitsubishi Delica көлігі тоқтай алмай, басып кеткен. Кейін ол жолдың қарсы тарапындағы Lexus көлігінің астына түскен.
Қатты жарақат алған 1979 жылғы ер адам ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болды.
Полиция қазір оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.