Қарағандыда Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қатысушыларымен кездесу өтті. Делегаттар жастармен өз әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Біздің облыстың белсенді жастарымен өткізіліп отырған бүгінгі кездесу өте маңызды. Жастар жылы – жай ғана сөз жүзінде ғана емес, істермен және қамқорлыққа бай жыл болуы тиіс. Біз жастарға даму үшін серпін беріп, зияткерлік және материалдық жағынан қосымша қолдау көрсетуіміз тиіс, - деп атап өтті Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский. - Біз оларға сессияның рухын, мағынасын және сезімін жеткізуіміз керек. Осы жылы кездесу жастарға арналды деп айтуға болады. Елбасы жас ұрпақ үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Тұңғыш Президент күрделі геосаяси жағдай туралы және тәуелсіз Қазақстанда тұрақтылық пен бірлікті қалай сақтау керектігін айтты.
Абай ауданының математика пәнінің мұғалімі Лариса Кравцова отбасылық құндылықтар туралы әңгімеледі. Ол ҚХА сессиясында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.
- Мен үшін бұл маңызды және айтулы оқиға. Қазақстанның барлық әйелдеріне үндеу жасау – өзімнің алдыма қойған мақсаттарымның бірі деуге болады. Біздің елімізде отбасын құру және сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Менің бес балам бар: төрт қызым мен ұлым – мен үшін ол үлкен қуаныш. 24 жыл мектепте математика мұғалімі болып қызмет етіп келемін. Біреулер: «Кәсіби қызмет пен үйіңіздегі ошақты бірге алып жүру мүмкін емес?» деп айтуы мүмкін, ал мен ол мүмкін деймін! Біздің үйіміз, біздің отбасымыз - бағалайтын және сақтайтын ұлы игілігіміз екенін түсінген жөн. Өйткені отбасы – бұл мемлекетіміздің негізі, - деп атап өтті делегат.
Достық үйінде болған кездесуде бей ресми түрде өтті. Жастар өздерінің жобалары мен ұмтылыстары туралы айтып берді.
- Мен осындай достық қарым-қатынастан көп жақсылық көрдім. Бүгін мені толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап алдым. Біздің елімізде жастарды қолдау үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз, жастар, өз кезегінде еліміздің болашағы үшін өз жауапкершілігімізді сезінуіміз керек, - деді Жезқазғаннан келген жас ғалым Арман Кенжебеков.
29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы болып өтті. Оған 1 500 мыңнан астам адам қатысты. Қарағанды облысынан делегацияға 45 адам кірді. Бұл-этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қоғам қайраткерлері.